Даниал Ахметовтің қызметтік өкілеттігі аяқталды

Ол Шығыс Қазақстан облысын 2014 жылдан бері басқарып келеді


12/06/2023
12:56 17816 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің қызмет мерзімі аяқталды. 

 

– Мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылдық жұмыс тәжірибесін ескере отырып, бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың қызметтік өкілеттігі бір жылға ұзартылды, – деген 2022 жылы 11 маусымда президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желбідай. 

 

Бүгін, 12 маусымда Даниал Ахметовтің қызметтік өкілеттігі аяқталды. Ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып 2014 жылы тағайындалған. 

 

Жақында «Обожаю» ютуб арнасының журналисі Асхат Ниязовқа Риддер қаласында Даниал Ахметовпен кездесер алдында арандату жасалған. Ниязовтың өзі арандатуды өзіне жасалған қысым деп бағалап, «бұл Ахметовтің сүйікті фишкасы» деп атаған. Кейіннен арандатушы әйелдердің облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыпаковпен қатысы бары анықталған. Рыпаков мәслихат төрағасымен қатар Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы президентінің орынбасары болып қызмет атқарады. Ал федерация президенті Даниал Ахметов. 

Поделиться

Нет комментариев.

12/06/2023 12:56
17816 0

Уведомление